12.10.2020, 12:33

Доллар қайта қымбаттай бастады

Фото: mail.kz

12 қазанда таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 427,70 теңге болды.

Қазақстанда доллар бағамы жоғарылады, деп хабарлады paryz.kz, KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.

12 қазанда таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 427,70 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 429,38 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 428,94 теңгеден сатылып жатыр.