Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары бастапқы және қосалқы тұрғын үй бағасын төмендететінін айтқан болатын. 

Елімізде тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев 2022 жылдың көктемінде тұрғын үй бағасы өсетінін болжап отыр деп хабарлайды Paryz.kz.

Ерғалиев қазір құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді 2014-2015 жылдармен салыстырғанда төмен бағамен сатылып жатқанын айтты.

Ол уақытта үшінші немесе төртінші классты тұрғын үйлер 1,5-2 мың долларға сатылса, қазір олар 750 долларға бағалануда. Бүгінде барлық компаниялар шығынға ұшырау шегінде тұр. Мәселе құрылыс компанияларының кінәлі екенінде емес, құрылыстың өзінің 35-40%-ға қымбаттап кетуінде болып тұр. Материалдар да 60-90%-ға көтеріліп кеткен, - деді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағының отырысында.

Сондай-ақ ол құрылыстың құны небары 15%-ға өскенін де атап өтті.

Құрылыстың өзі 35-40%-ға қымбаттағанын, ал шаршы метрдің бағасы тек 15%-ға өскеніне логикалық тұрғыда қарайтын болсақ, бұл ертең бағаның өсуін күтеміз дегенді білдіреді. Коммерциялық тұрғын үй салушылар бағаны бірден көтере алмайды, олар ақырындап қосатын болады. Осылайша 2022 жылдың көктеміне қарай біз бағаның шамамен 20-30%-ға өсуін күтеміз. Және бұл нақты бір жылдың ғана талдауы емес, бұл бүкіл құрылыс кезеңінің талдауы, - деп болжады Ерғалиев.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары бастапқы және қосалқы тұрғын үй бағасын төмендететінін айтқан болатын. 

Оның сөзіне сенсек, төмендеу Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалады.