Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде дәрігерлік қызметтер бағасы қымбаттап кетті

Стоматологтар да өз қызметтерінің құнын 5,6%-ға көтерген. 

Елімізде дәрігерлік қызметтер бағасы қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда дәрігерлік қызметтер бағасы қымбаттады деп хабарлайды Paryz.kz, Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Сайт деректері бойынша бір жыл ішінде дәрігерлік қызметтер шамамен 6%-ға өскен. 

Ал дәрігердің алғашқы қабылдау бағасы 7,3%-ға қымбаттаған. Стоматологтар да өз қызметтерінің құнын 5,6%-ға көтерген. 

Сондай-ақ амбулаториялардағы дәрігер-мамандар қызметі 3,6%-ға және медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 3,3%-ға өскен.

Осы зерттеуге сәйкес, дәрігердің алғашқы қабылдауы ең қымбат қала – Шымкент қаласы (4 460 теңге), Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (4198 теңге) тұр. Ал ең дәрігерлік қабылдау ең арзан қала Талдықорған (2513 тенге) екені анықталды.