Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Елімізде коронавирустың кесірінен ана өлімі артқан

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде коронавирус ырық бермей тұрғанда, өзге де дерттерге қарсы тұруға мәжбүрміз.

Елімізде коронавирустың кесірінен ана өлімі артқан

Елімізде ана өлімі мен жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларынан көз жұму көрсеткіші біршама артқан. Мұны денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кезінде айтты. Шенеуніктің сөзінше, жүрек дертінен құрбан болғандар көрсеткішінің күрт өсуіне коронавирус себеп. Бір сағаттан астам уақытқа созылған жиында министр өзге де мәлімдеме жасады. Бұл туралы Paryz.kz "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде коронавирус ырық бермей тұрғанда, өзге де дерттерге қарсы тұруға мәжбүрміз. Бірақ пандемияға дейінгі қауқармен емес. Соның салдарынан ана өлімі мен жүрек-қантамыр жүйесі дертінің құрбандары артқан.

"Саланың бірқатар маңызды көрсеткіштері төмендеді. Бұл ең алдымен ана өліміне қатысты. Көрсеткіш бір жыл ішінде 2,6 пайызға артқан. Сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 15 пайызға өскені байқалды. Мұның бәрі коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ана мен бала демекші, өткен жылы 427 мың нәресте дүниеге келіпті.

Жиында жасанды ұрықтандыру жайы да сөз болды. Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы арқылы жеті мың квота бөлінбек. Репродуктивті технологиялар қызметін 27 клиника көрсетсе, оның 19-ы медициналық сақтандыру аясында жұмыс істейді.