Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан коронавирус расталды

Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан коронавирус расталды
Фото: ашық дереккөз

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавируспен ауырып жатыр. COVID-19-ды жұқтырып алғанын ол өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Pаryz.kz.

"Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын.

Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік, - делінген жазбада.