Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Маусымдық аллергиясы бар адамдарға вакцина алуға бола ма? - дәрігер жауап берді

Медицина маманының айтуынша, аллергиясы бар адамның иммунитеті ондай сәтте әлсірейді.

Маусымдық аллергиясы бар адамдарға вакцина алуға бола ма? - дәрігер жауап берді
Фото: ашық дереккөз

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева маусымдыққа аллергиясы барларға коронавирус вакцинасын салдыруды кейінге қалдыру қажет екенін мәлім етті.

Медицина маманының айтуынша, аллергиясы бар адамның иммунитеті ондай сәтте әлсірейді.

«Вакцина алуға келген әрбір адам медициналық тексерістен өтуі тиіс. Қазір маусымдық аллергияның күшейетін мезгілінде аллергиясы бар адамның иммунитеті әлсірейді. Әр адамның ағзасының маусымдық аллергияға деген реакциясы әртүрлі екенін естен шығармауымыз керек. Егер, адамда маусымдық аллергия өршіп тұрған болса, онда вакцина алу мерзімін кейінге қалдырғаны дұрыс», - деді Айнагүл Қуатбаева.

21 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 766 614 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 126 550.