Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"4000 адам тіркеліп..": Алексей Цой коронавирустың таралуына қатысты болжамын өзгертті

Айтуынша, иммунитеттің түзілуіне белгілі бір уақыт қажет, сол себепті бірінше кезеңде вакциналаудың тиімділігі аса байқалмайды. 

"4000 адам тіркеліп..": Алексей Цой коронавирустың таралуына қатысты болжамын өзгертті
Фото: дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналауды ескеріп, коронавирустың таралу болжамын өзектендірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Оптимистік сценарий бойынша вакциналау науқаны кестеге сай жалғасқан жағдайда, тәулігіне 3 мың науқасқа дейін тіркеледі, коронавирустың шарықтау шыңы сәуірдің соңына келеді. Ал реалистік сценарий кезінде вакциналау кестеге сай жүрген жағдайда тәулігіне вирус жұқтырған 4000 адам тіркеліп, шарықтау шыңы мамырдың ортасында болады деп болжануда", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, иммунитеттің түзілуіне белгілі бір уақыт қажет, сол себепті бірінше кезеңде вакциналаудың тиімділігі аса байқалмайды. Ал одан кейін вакцинаның тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етеді.

Министр қазіргі таңда өңірлерде 188 мың вакцина дозасы бар екенін атап өтті. Вакцина кестеге сай кезең-кезеңмен жеткізіліп жатыр.

"Айдың соңына дейін екі миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр", - деді Цой.

Айтуынша, бүгінде өңірлерде 1051 егу пункті жұмыс істейді. Бұған қоса, шалғай аудандарда, ұйымдасқан ұжымдар мен қоғамдық орындарда вакциналауды жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадасы жұмылдырылды. Вакциналау науқанына 10 мыңнан аса медицина қызметкері тартылды.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай және Қарағанды қалаларында егу пунктері сауда орталықтарында, базарлар мен ұйымдасқан ұжымдарда ашылды. Бұл жерлерде демалыс күндері де адамдарға вакцина салынады.