Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Психолог өз өміріне қанағаттанбайтын адамдардың кедей болатынын дәлелдеді

Психолог оларға қолда барды қадірлеуге кеңес береді.

Психолог өз өміріне қанағаттанбайтын адамдардың кедей болатынын дәлелдеді
Фото: ашық дереккөз

Көп жағдайда байлық пен кедейлік сезімі ақшаның бар-жоғына емес, қаражат пен өмірге деген көзқарасқа байланысты. Бұл жайлы "Прайм" агенттігіне психолог Дмитрий Синарев айтып берді.

"Молшылықта өмір сүретіндер өздерін кедей сезінеді. Бұл өз өміріне қанағаттанбаудың нәтижесі. Мұндай адамдар өздерін үнемі басқалармен салыстыруға бейім. Кімнің әйелі әдемірек, көлігі қымбат, лауазымы жоғары деген мәселелерге қатысты", - дейді маман.

Психолог оларға қолда барды қадірлеуге кеңес береді. Сондай-ақ ол ақылды сөздерден әрекетке көшпейтін, белсенді өмірлік позициясы жоқ "қызғаншақ адамдар" бар екенін айтты.

"Ақша өмірімізді қамтамасыз етуге жұмсаған энергиямыздың материалдық баламасы. Әлеммен қарым-қатынасымымыз - біліміміздің, дағдымыздың, ақыл-ой күшіміздің қайтарымы. Жауап ретінде біз рухани, эмоционалды ынталандырудан басқа ақшалай қаражат та аламыз. Осы жерде біз үшін қайсысы маңызды екенін түсіну қажет", - деп қорытындылады Синарев.