Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алексей Цой аймақтағы әкімдердің жұмысына шүйлікті

Министрдің айтуынша, өңірлерде инфекциялық стационарлар деңгейінде кадрлық қамтамасыз ету проблемалары бар.

Алексей Цой аймақтағы әкімдердің жұмысына шүйлікті
Фото: дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында коронавируспен тиісті деңгейде күрес жүргізбей отырған әкімдіктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алексей Цой ДСМ өкілдері коронавирус жұқтырған науқастар санының артуына байланысты аймақтарға барғанын айтты.

«Сапар нәтижесі бойынша бірқатар ескертулер анықталды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде диспансерлік топтардағы пациенттердің қосалқы ауруларын динамикалық бақылаудың және емдеудің жеткіліксіздігі тіркелді. Сондай-ақ, коронавирустың алдын алу және диагностикалау шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілген», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, өңірлерде инфекциялық стационарлар деңгейінде кадрлық қамтамасыз ету проблемалары бар. Министр әкімдіктерге қатысты жергілікті Денсаулық сақтау басқармаларына бірқатар ұсыныс берді.

Айта кетейік, Қазақстанда «жасыл» аймақта тек 2 өңір қалды.  аймақта 7 өңір орналасқан.