Балалардың үлкенінің де КВИ жұқтырғаны белгілі болған.
Алматы облысында Covid-пен ауруханаға түскен келіншектің екі баласы неше күннен бері қараусыз қалған. 9 және 13 жастағы балаларға тамақты көршілері әкеліп тұрған, деп жазады Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, балалардың үлкенінің де КВИ жұқтырғаны белгілі болған. Алайда оған дәрігерлер бар-жоғы бір-ақ рет келген.
"Анамыз ауруханада, бізге тек туыс ағамыз Виталий мен көршілер көмектесіп жүр. Виталий бізге тамақ пісіріп, ұйықтатып кетеді. Ал қорқатынымызды айтсақ, бізбен қонуға да қалады",-дейді ағайынды жасөспірімдер.
Белгілі болғандай аналары Алину Черемисина қалада мектепте жұмыс істейді екен. Оның оқушыларының ата-аналары балаларға кезектесіп тамақ, керек-жарақтарын үйдің сыртына әкеліп жүрген көрінеді.
Алинаның өзінің айтуынша, ол денсаулығы нашарлаған соң жеке клиникаға барып, ПТР тапсырған. Сол кезде оның КВИ жұқтырғаны белгілі болған. Алайда ол оған тіисті ем жасалып жатқан жоқ дейді.
"Дәрігелерден еш көмек жоқ, олар тіпті менің балаларыма да жөнді келмепті. Маған үйге қайтып, су мен дәруменді көп ішіңіз деген кеңес берді",-дейді ол.
Қазір ол инфекциялық стационарда емеліп жатыр. Ал жеке клиника өкілдері оның айыптауымен келіспейтіндіктерін жеткізген.
"Дәрігер оның жағдайының нашарлағанын көріп, ауруханаға жатқызды, оған ем-дом, барлығы жасалды",-дейді олар.
Телеарна тілшілері құзырлы мекемеден балалар не себепті қараусыз қалғанын сол күйі біле алмаған. Тек денсаулық сақтау министрлігі өкілдері ғана ата-аналары КВИ-ға шалдыққанда, балалар үйінде олардың балалары жатқызылатын арнайы бөлімдер бар екенін айтқан.