Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Ет өніміндегі тұздың көп мөлшері қан қысымы деңгейіне кері әсер етеді

Жақында дәрігерлер қан қысымынан зардап шегіп жүрген науқастарға тағы бір кеңесін ұсынды.

Ет өніміндегі тұздың көп мөлшері қан қысымы деңгейіне кері әсер етеді
Фото: ашық дереккөз

Артериялық қан қысымы жоғары адамдар қақталған еттен бас тартуы қажет. Бұл туралы Action on Salt медициналық ұйымының мамандарына сілтеме жасай отырып «Вечерняя Москва» хабарлады. 

Сарапшылардың пікірінше, кейбір ет өніміндегі тұздың көп мөлшері қан қысымы деңгейіне кері әсер етіп, жүрек-қантамыр аурулары даму қаупін арттыруы мүмкін.

Бұл ретте «тұз концентрациясы аз» деп таңбаланған өнімдерді де тұтынбаған дұрыс. Себебі бұл өнім түрлерінде натрий мөлшері көп болады. Ол өз кезегінде гипертониялық ауруға шалдыққан науқастардың денсаулығына жағымсыз ықпал етеді.

Дәрігерлер ұсынған деректерге сүйенсек, организмдегі натрий мөлшерін азайту арқылы инсульт салдарынан болатын өлім-жітімді 16%-ға, ал жүректің ишемиялық ауруларын 12%-ға азайтуға болады.

Жақында дәрігерлер қан қысымынан зардап шегіп жүрген науқастарға тағы бір кеңесін ұсынды. Айтуынша, бұндай науқастар қарапайым шие шырынын жиі тұтынғаны жөн. Өйткені бұл жидек антиоксидантқа бай. Сол себепті ол қантамырларды кеңейтіп, олардың серпімділігін жақсартады.