Сондай-ақ, кәсіпкер вакцинациядан кейін аллергиялық реакция өте сирек кездесетінін және оны EpiPen (бір рет қолданылатын, алдын-ала толтырылған екпеге арналған автомат құрылғы. - автор.) арқылы оңай жеңуге болатынын айтты.
To be clear, I do support vaccines in general & covid vaccines specifically. The science is unequivocal.
— Elon Musk (@elonmusk) April 7, 2021
In very rare cases, there is an allergic reaction, but this is easily addressed with an EpiPen.
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск коронавирус инфекциясына қарсы жаһандық вакцинацияға қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы кәсіпкер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Түсінікті болу үшін: мен вакциналарды, атап айтқанда COVID-19-ға қарсы вакциналарды қолдаймын. Ғылым - екіұшты емес", - деп жазды Маск.
Сондай-ақ, кәсіпкер вакцинациядан кейін аллергиялық реакция өте сирек кездесетінін және оны EpiPen (бір рет қолданылатын, алдын-ала толтырылған екпеге арналған автомат құрылғы. - автор.) арқылы оңай жеңуге болатынын айтты.
Еске салайық, пандемияның басында Маск коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы болған. Ол мұны COVID-19-дан туған бос дүрбелең деген. Содан кейін ол вакцинадан бас тартқан еді.