Республика бойынша КВИ ең көп жұқтырған адамдар саны әлі де Алматы қаласында болып тұр.
Елімізде коронавирус жұқтырған адамдар саны күн сайын артып келеді. Тек кешегі күні Қазақстанда 2586 адамнан қауіпті вирус табылғаны белгілі болды, деп жазады Paryz.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Республика бойынша КВИ ең көп жұқтырған адамдар саны әлі де Алматы қаласында болып тұр. Мұнда 7 сәуір күні 710 адамда ПТР арқылы коронавирус анықталған.
Сол сияқты ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында да Covid-19 жұқтырғандар саны күрт өскен. Елордада кешегі күні 578 адамнан КВИ табылған.
Коронавируске шалдыққандардың саны бойынша үшінші орынға Алматы облысы жайғасқан. Аймақта 325 адамнан вирус табылды.
Жалпы ел бойынша пандемия басталғалы бері 261503-ның коронавируспен ауырған.