Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қарағанды облысында бір ауылдың 34 тұрғыны қатарынан індетке шалдықты

Ауылда 250-ден астам адам тұрады, аудан орталығынан қашықтығы 90 шақырымнан асады...

Қарағанды облысында бір ауылдың 34 тұрғыны қатарынан індетке шалдықты
фото: inform.kz

28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас ауылының тұрғындары арасында COVID-19-дың зертханалық расталған 34 жағдайы тіркелген, деп хабарлады paryz.kz, Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Науқастар Жезқазған және Сәтбаев қалаларының инфекциялық стационарларына жатқызылды. Алғабас ауылында 250-ден астам адам тұрады, аудан орталығынан қашықтығы 90 шақырымнан асады. Эпидемиологиялық тексеру барысында тұрғындар арасында індетті жұқтыру көзі ауылдан тыс жерлерге шыққан адам болғаны анықталды.

Жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы шектеу іс-шараларын енгізу туралы қаулы шығарып, санитарлық бекет орнатылды. Оқушылар 18 сәуірге дейін қашықтан оқытуға көшірілді, 13 үй ошағы орнатылды, байланыста болғандар тобы анықталды (20 адам). Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.