Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Коронавирус жұқтырған Жанқош Тұраров жұдырықтаса алмайтын болды

"Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды..." - дейді ол.

Коронавирус жұқтырған Жанқош Тұраров жұдырықтаса алмайтын болды
фото: inform.kz

Боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) Дубайдағы жекпе-жегі неге өтпейтіні белгілі болды, деп хабарлады paryz.kz, Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы D4G Promotions Жанқош Тұраров жекпе-жектен бас тартқанын мәлімдеді.

"Бүгінгі турнирде өкінішке қарай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. Турнирге шығар алдында міндеттелген ПЦР-тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады. Салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды", - деді боксшы.

Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental титулында солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннаға (21-2-1, 6 KO) қарсы жұдырықтасуы керек еді. Ал екінші қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) венесуэлалық Эбер Рондонға (20-0, 13 КО) қарсы кездесуде өзіне тиесілі бірінші орта салмақтағы WBC International титулын қорғайды.

Дубайдағы бокс кешінің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.