Оған коронавирусқа қарсы вакцинаның бір емес, екі дозасы егілген...
Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирустық антигенге тапсырған сынағы оң болғанын, енді екінші ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап.
Антигендік тест - антиденелерді тексеру емес, мұндай зерттеулер ағзадан белгілі бір вирустық антигенді анықтайды. Бұл - инфекция бар деген сөз.
"Мен бүгін дене қызуым 37,3-ке көтеріліп, аздап бас ауырғаннан кейін антигенге тест тапсырдым, оң нәтиже берді. Өте мұқият болу керек. Барлық ұсынысды орындаңыздар. Пандемия аяқталған жоқ" деп жазды ол Twitter-де.
Аргентина президенті қазіргі уақытта ПТР-тест нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Сондай-ақ ол жағдайы жақсы екенін жазды.
Қаңтарда президент әкімшілігі оның "Спутник V" вакцинасының алғашқы компонентін салдырғанын мәлімдеген болатын. Фернандеске коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасы егілгені хабарланды.