Қазақстан аборт жасатудан әлем бойынша үшінші орында

Ал аборт жасатудың ең төменгі деңгейі Мексикада - 0,1 тіркеліп отыр. Рейтингте одан кейін 0,2 көрсеткішпен Португалия жайғасқан.

Қазақстан аборт жасатудан әлем бойынша үшінші орында
Дерккөз: sm-eko.ru

Басылымның мәліметінше, аталған рейтингте бірінші орында Ресей тұрған көрінеді. Мұнда аборт жасау коэффициенті 1000 әйелге 53,7 құрайды. Одан кейін 35,2 көрсеткішпен Вьетнам, 35 көрсеткішімен Қазақстан үшінші орынға шыққан.

Ал аборт жасатудың ең төменгі деңгейі Мексикада - 0,1 тіркеліп отыр. Рейтингте одан кейін 0,2 көрсеткішпен Португалия жайғасқан.

Портал мәліметінше, әлем бойынша түсік жасату санын қадағалау қиын екен. Себебі, көптеген елдер бұл көрсеткіштерді тіркемейді және есептемейді. Олардың пікірінше, бұл, әсіресе, түсік жасатуға тыйым салынатын және есеп жүргізілмейтін елдерге қатысты болып отыр.