Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Көзі рентген емші жұртты пневмониядан да сауықтырып жатыр

"Құрсағына бала біткен келіншектердің іштегі шаранасы ұл ма, қыз ба, бірден айтып беремін. Телеэкрандағы адамдардың да ішкі құрылысын көремін", - дейді ол.

Көзі рентген емші жұртты пневмониядан да сауықтырып жатыр
фото: paryz.kz

Әлемді дерт жайлап, адамзат үлкен сынаққа душар болып, барлық мемлекеттер осы дерттен шығынсыз, аман шығудың жолын қарастыруда. Осынау уақытта адамдардың орынсыз үрейге бой алдыруы орынды да. Мұның халықтық емі – адыраспан, жусан, лимон, жуа дескендер болды. Әлдебір шөптердің тамырын да ауруға ем дегендер табылды. Дегенмен "ел іші – өнер кеніші" дегендей, ел ішінде осынау аты жаман ауруды емдеген емші барын біреу білсе, біреу білмес, деп жазды paryz.kz.

Халық емшісі Динара Орынтайқызы осы алмағайып кезеңде пневмониямен ауырғандарды да емдеп жазғанын айтады. «Рентген әйел» ретінде елімізге танымал болған емші сан түрлі ауруды емдейді. Бізге ауруынан айыққан жандар хабарласып, емшіге алғыстарын жаудырды. Әсіресе, пневмония ауруына ұшыраған Дәметкен Тұрғынбаеваның қызы Рәбиға өз анасының алғысын жеткізді.

"Анам пневмониямен ауырды. Желтоқсан айында қан құсып, жағдайы қатты нашарлады. Сосын Динара емшіге келіп, айтқан дәрілерін алдыртып, ем жүргіздік. Ем бір аптаның ішінде өз нәтижесін беріп, анамыздың қан құсқаны, жөтелі, барлығы тоқтап, құлан-таза айықты. Одан бөлек, анамыз глаукома көз дертіне шалдыққан еді. Көз алдындағы затын көрмей қалған болатын. Енді Динара емшінің емінің арқасында екі метрдей жерді анық көретін болды. Құдайға шүкір. Мен өзім де осы глаукомадан емделдім. Әлі де емімізді жалғастырып жатырмыз",- дейді емшіге риза болған жан.

Осындай дерттен емделген жандардың қатарында Милена Шынболат деген қыздың ағасы мен әпкесі де бар екен. Оның айтуынша, емші диагнозды телефондағы жақындарының суретін көру арқылы қойған.

"Біз отбасымызбен осы емшінің көмегіне жүгінеміз. Менің ағам пневмониямен ауырды. Оның диогнозын да осы Динара емші арқылы білдік. Кейіннен ауруханаға барып, тексерілгенде ондағылар емшінің диагнозын қайталады. Сосын айтқан дәрілерін алып, емшінің нұсқауымен ғана әрекет етіп отырдық. Халық емі мен медицина арқылы емін жүргізді. Бір таңқаларлығы, біз келе алмаған уақытта телефон арқылы да емін жалғастыра берді. Ұдайы бақылауда ұстады. "Рентгенге түсірмей қоя тұрыңдар" деді. Емделіп болған соң, рентгенге түсіргенімізде барлығы таза шықты. Біздің қуанышымызда шек болмады. Одан бөлек, әпкем де короновируспен ауырғанда осы емші арқылы жазылды. Қазіргі уақытта өзім де осы кісіден ем алып жатырмын. Менің көзім -3, алысты көрмейтін. Сол кісінің емімен көзім жақсарып келеді. Бұл кісі туралы өте көп естимін. Өзімнің де көзіммен көрген көптеген жайттарды білемін. Соның бір мысалы, 6-8 жастың шамасындағы кішкентай қыздың басындағы ісік барын көреді. Негізінде оның жақындары ондай дерт барын білмеген, жай тексертуге алып келген екен. Олар басында сенбей, дәрігерге тексеріледі. Дәрігерлер де осы емшінің диагнозын растайды. Бірақ дәрігерлер тек ота арқылы бас сүйегін ашып тексеру керектігін айтады. Оның қаражаты да аз қаржы емес. Сосын жаңағы қызды осы емшіге сеніп тапсырады. Ақырында үздіксіз емнің арқасында ол қыз да құлан-таза айықты", - дейді Милена есімді қыз.

Қазақстан Республикасының Халық және рухани емшілері мекемесінің толық мүшесі Динара Орынтайқызы өзінің қасиеті жайлы:

"Бұл - ашылмаған құпия. Осы ғұмырымда көзінде рентген бар жанды кездестіргенім жоқ. В. Илюшин деген атақты дәрігер-ғалым оң көзімде рентген сәулесі бар екенін анықтаған. Басқа ғылымдар мұндай құбылыстың бұрын да кездескенін айтқанымен, менің жанарымдағы сәуленің құпиясын аша алар емес. Дүниеге келгеннен бір көзім қисық болды. 18 жасымда көзіме ота жасаттым. Ота жасаған дәрігер Овсянникова: "Динара, көзіңді түзедік. Алайда көз түбінде кішкентай лампа сияқты бірдеңе тұр. Не екенін білмеген соң тиіспедік", - деді. Алдыма келген науқастың ішкі құрылысын көре аламын. Құрсағына бала біткен келіншектердің іштегі шаранасы ұл ма, қыз ба, бірден айтып беремін. Телеэкрандағы адамдардың да ішкі құрылысын көремін. Қасиетті Құран кітабының аят-cүрелерін қолданып, сырқаттарға дем де саламын", - деді ол.

"Ғасыр дерті" атанған қатерлі ісік ауруынан бастап, ішкі мүшелердің барлық ауруларын, жүйке жүйелері, буын сырқаттарын, әйелдер аурулары мен бедеулікті, басқа да аурудың талай түрін емдей беретін емшінің алдынан кісі үзілмейді.