Ал "сары" аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлады paryz.kz.
31 наурыздағы жағдай бойынша, "қызыл" аймаққа 5 өңір енді. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары. Ал "сары" аймақта Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.
Жалпы, Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа өткен болатын.