"Денсаулықтың басты кепілі - белсенді өмір салты, күн және бәріне деген оң көзқарас екенін ұмытпау керек", - дейді ол.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева қытай вакцинасын салдырды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.
"Вакцинация туралы пікір әр алуан. Әркім шешімді өзі шығаруға құқылы. Демалысқа барып, қытай вакцинасын салдырдым. Өзімді жақсы сезінемін. Бірақ денсаулықтың басты кепілі - белсенді өмір салты, күн және бәріне деген оң көзқарас екенін ұмытпау керек", - дейді ол.