Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қапшағай су қоймасына пайдаланылған медициналық қалдықтар төгілген

"Бүкіл әлем пандемиямен күресіп жатқанда, біз оны ашық таратып жатырмыз. Бұл медициналық заттардың қандай аурулар үшін қолданылғаны белгісіз. COVID-19, ВИЧ, туберкулез..." деп жазды Қапшағай қаласының тұрғыны.

Қапшағай су қоймасына пайдаланылған медициналық қалдықтар төгілген
фото: дереккөз

Қапшағайдан медициналық қалдықтардан тұратын қоқыс үйіндісі табылды, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қапшағай тұрғындары су қоймасының жағасынан мыңдаған шприцтерді тапқан.

"Шығыс мөлтек ауданының жағалау аймағында адамдар осындай медициналық сұмдықты тапты! Қолданылған шприцтер мен системалар. Мұның бәрі суға тасталған. Жақын жерде жасөспірімдер болған, мен оларға суға түспеуді немесе осы медициналық қалдықтарға қол тигізбеу керектігін түсіндіруге тырыстым. Өйткені бұл оларға ғана емес, бүкіл қалаға қауіп төндіреді! Бүкіл әлем пандемиямен күресіп жатқанда, біз оны ашық таратып жатырмыз. Бұл медициналық заттардың қандай аурулар үшін қолданылғаны белгісіз. COVID-19, ВИЧ, туберкулез..." деп жазды әлеуметтік желіде Қапшағай қаласының тұрғыны Марианна Шамаева.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы табылған медициналық қалдықтардың Қапшағай қалалық ауруханасына қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Ауруханада медициналық қалдықтарды арнайы сары қораптарға жинайды. Олар міндетті түрде екі негізгі қасиетке ие: ылғалға төзімділік және тығыздық. Әр күн сайын таңертең қолданыстағы ережелерге сәйкес олар сақтау бөлмесіне тапсырылады. Аурухана жыл сайын медициналық қызмет көрсетуге мамандандырылған және медициналық қалдықтарды жою бойынша талаптарды аптасына үш рет орындайтын ұйыммен келісім жасайды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал Экология министрлігі жағдайдың мән-жайын анықтауға уәде берді.