Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте карантин мерзімі 12 сәуірге дейін ұзартылды

Ас беру шараларын қоспағанда (толтырылуы 30%-дан және 50 адамнан аспайтын) адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар (туған күндер, мерейтойлар, қыз ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар) өткізуге тыйым салынады...

Шымкентте карантин мерзімі 12 сәуірге дейін ұзартылды
фото: inform.kz

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері қала аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады paryz.kz.

"Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 29 наурыз сағат 00:00-ден 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ге дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Атап айтқанда:

Ас беру шараларын қоспағанда (толтырылуы 30%-дан және 50 адамнан аспайтын) адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шаралар (туған күндер, мерейтойлар, қыз ұзату, құдалық, той, беташар және басқалар) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеледі.

Қоғамдық орындарға, оның ішінде көлікке отырған кезде, қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде бетперде тағу, антисептиктерді қолдану және қашықтықты сақтау тапсырылды.

Қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта жүзеге асырылады. Мұнда 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспауы керек.

Жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту сыныпта балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушылары үшін жүргізіледі.