Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Ресей президентін егу процедурасы өзге елдердегі саясаткерлерде сияқты көпшілікке көрсетілген жоқ.

Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды
фото: Максим Шипенков/ЕРА

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды, деп хабарлады paryz.kz.

резиденттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің жағдайы жақсы екенін және 24 наурыз күні ол жұмысқа шығатынын айтты.

"Путин корнавирусқа қарсы егілді. Өзін жақсы сезінуде. Ертең толық жұмыс күні болады", - деді Кремль өкілі.

Дегенмен, Кремльде Владимир Путин ресейлік 3 вакцинаның қайсысын салғызғанын нақтыламады. Бұған дейін Д.Песков ел президенті салғызатын вакцинаның атауы әдейі аталмай отырғанын мәлім еткен еді. Себебі "ресейлік барлық 3 вакцина да барынша сенімді әрі тиімді".

Ресей президентін егу процедурасы өзге елдердегі саясаткерлерде сияқты көпшілікке көрсетілген жоқ. Мұның себебін журналистерге Кремль өкілі түсіндірді.

"Камера алдында вакциналауға келсек, оған бұл ұнамайды", - деді Дмитрий Песков.

2020 жылдың 17 желтоқсанында Владимир Путин мүмкін болған сәтте-ақ ковидке қарсы вакциналанатынын айтқан еді. Ол кезде мамандардың жас бойынша шектеулерге құлақ асып отырғанын жеткізген болатын. Кейіннен президенттің баспасөз хатшысы Путинге коронавирусқа қарсы егілетін уақытты белгілеу оның уақытылы алып отыратын өзге вакциналарды салдырумен байланысты екенін түсіндірді. Ал бірнеше препаратты бір мезгілде алуға болмайды.