Жалпы, 20-21 наурызда мобильді топтар елорданың 4 ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады...
Елордадағы мейрамханалардың бірінде 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды, деп хабарлады paryz.kz, қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар осы күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.
Жалпы, 20-21 наурызда мобильді топтар елорданың 4 ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады. Мәселен, 20 наурызда Байқоңыр ауданында орналасқан "Porta fortuna" мейрамханасында 200 қонақтың қатысуымен корпоративтік кеш өткізілді.