ШҚО-ның бір ауылында 29 оқушы коронавирус жұқтырды (ВИДЕО)

Ал мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр.

ШҚО-да бір мектептің 30-ға жуық оқушысы инфекцияға шалдықты. Ауру шыққан Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы 272 бала білім алатын мектеп карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқуға көшті, деп хабарлады paryz.kz, 31 арнаға сілтеме жасап.

Дәрігерлер балалар энтеровирусты инфекцияға шалдықты деген күдік бар дейді. 29 баланы қарап, денсаулығын тексерген. Қазір олардың 9-ы ауруханада жатса, 16 бала үйінде ем алуда. Ал мектепте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр.

"Алғашқы диагноз дейміз ғой, соны энтеровирустық инфекция деп айтты. Ол ауа-тамшы арқылы жұғады. Тамақтан емес, мүмкін қолдан болды, тағы басқа себебі болуы мүмкін. Қазір СЭС жұмыс жүргізіп жатыр", - деді Ұлан ауданы білім бөлімінің басшысы Қуат Оқасов.