Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Cәуірде 1 миллионнан астам азамат вакцинацияланады" - Алексей Цой

"Егілген адамдардың 1 пайызында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде", - деді министр.

"Cәуірде 1 миллионнан астам азамат вакцинацияланады" - Алексей Цой
фото: 24.kz

Сәуір айында Қазақстанда 1 миллионнан астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарланған. Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлады paryz.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, қазір еліміздің әр өңіріне 145 мың доза вакцина жеткізілген. Ал наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтіліп отыр екен.

"2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді. Оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың азаматтардың басқа санаттары бар. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл ретте егілген адамдардың 1 пайызында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде. Халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 миллионнан астам азамат вакцинацияланатын болады. Осыған байланысты, созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады", - дейді Алексей Цой.