Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дәрігер Бекшиннің командасы "Олимп" зертханасымен ауыз жаласқанын айтты

Сонымен қатар ол ПТР-тест қызметі бойынша бұл зертхананың осы уақытқа дейін тұрақты бәсекелесінің болмауында бір гәп бар екенін айтады. 

Дәрігер Бекшиннің командасы "Олимп" зертханасымен ауыз жаласқанын айтты
фото: дереккөз

Қазақстандық дәрігер, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев алматылық шенеуніктерді "Олимп" зертханасымен ауыз жаласқан деп сөкті, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қоғам белсендісінің айтуынша, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі "Олимп" зертханасының Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова Әселге сыйлық бергенін жариялаған. Сонымен қатар ол ПТР-тест қызметі бойынша бұл зертхананың осы уақытқа дейін тұрақты бәсекелесінің болмауында бір гәп бар екенін айтады. 

"Әрине, туған күнге берілген сыйлықта тұрған ешнәрсе жоқ. Алайда ары қарай қазбалайтын болсаңыз, мәселенің басқа қырын көруге болады. Мысалы, өткен жылғы пандемия кезеңін алып қарайық. COVID-19 басталғанда ПТР-тесттен өтуге болатын жалғыз зертхана осы "Олимп" болды" деп жазды Көнеев. 

Дегенмен белсенді былтыр күзде ПТР-тесттің бағасы біршама арзандағанын алға тартады. Оған себеп, нарықта "Олимпке" бәсекелес емхананың пайда болуы екен.