Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

COVID-19: елімізде "Спутник V" вакцинасы 415 адамда кері реакция берді

"267 жағдай дененің дел-салдығы мен аздаған қызумен сипатталады..." - деді Айнагүл Қуатбаева.

COVID-19: елімізде "Спутник V" вакцинасы 415 адамда кері реакция берді
фото: Tatyana Makeyeva/Reuters

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 415 адамда кері реакция байқалды. Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазіргі уақытта елімізде коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы қолданылып жатыр. Бүгінде 34 мыңнан астам медицина мамандары, педагогтар және Қарулы күштердегі әскери қызметшілер аталған екпенінің бірінші компонентін алды. Ал екінші компонентімен бірінші санатқа кіретін 16 мыңнан астам адамға екпе жасалды", - деді ол, Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Айнагүл Қуатбаеваның мәліметінше, екпе алған адамдардың барлығының денсаулығын медицина мамандары қағадалауға алған. Вакцинация әр адамның келісімі арқылы жүргізіледі.

"Вакциналаудан кейінгі мониторинг жүргізу жұмысына ерекше көңіл бөліп отырмыз. Оның ішінде вакцинадан кейін егу бөлмесінің жанында арнаулы бөлме дайындалған. Яғни, екпе салынған адамның оқшаулануына жағдай жасалған. Сол бөлмеде олар 30 минут медицина мамандарының бақылауында болады. Одан кейін де 3 күн бойы бақылауға алынады. Осы жұмыстардың аясында вакцинаны әзірлеген өндіріс орындарының тарапынан күтілген реакцияларды байқадық. Екпе алған адамдардың арасында 415 кері реакция жағдайы тіркеліп отыр. Олардың барлығы - күтілген жағдайлар. 267 жағдай дененің дел-салдығы мен аздаған қызумен сипатталады. Мұндай жағдайда қандай да бір ем-дом жасаудың қажеті жоқ", - деді Айнагүл Қуатбаева.