Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Павлодарда діни ағымдағы әйел шала туған перзентінен айырылды

Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер қан құю керек екенін айтқан. Алайда анасы бұған қарсы болыпты.

Павлодарда діни ағымдағы әйел шала туған перзентінен айырылды
фото: kk.eswc-live.com

Биыл қаңтар айының соңында Павлодардағы перзентханада мерзімінен бұрын туған нәресте бір күннен кейін көз жұмды, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бала 2021 жылы 22 қаңтарда Павлодарда мерзімінен бұрын салмағы 700 грамм болып дүниеге келген. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер қан құю керек екенін айтқан. Алайда анасы бұған қарсы болыпты.

Келіншектің мұндай шешім қабылдауына діни көзқарасы түрткі болған. Әйел баланың өміріне қауіп төніп тұрса да, шешімінен бас тартпапты. Алайда, ол емдеудің баламалы әдісі құрамында темір және дәрумендер бар эритропоэтин препараттарын қолдануға келіседі.

Дәрігерлер полиция шақырып, жас ананың келісімін алмақ болған. Бірақ процесс жүріп жатқанда, нәресте көз жұмды.