Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Босқа күйіп кетуде: Халық МӘМС жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етуде

Бір топ қазақстандық Денсаулық сақтау министрлігінен Парламенттің қарауына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді сұрап петиция жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Босқа күйіп кетуде: Халық МӘМС жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етуде
aqmeshit-aptalygy.kz

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналарды тек бір кіріс көзінен есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды қолдану. Азаматтардың медициналық сақтандыруын жабу үшін бір табыс көзі жеткілікті деп санаймыз. Өйткені, көптеген азамат МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтерді пайдаланбайды, ал жарналар босқа күйіп кетеді. Егер азамат белгілі бір уақыттың ішінде медициналық қызметті шартты түрде алмаса, МӘМС жарнасы қайтарылмайды және жинақталмайды. Жарна жинақталмағандықтан және қайтарылмағандықтан, біз бірнеше көзден есептеулер мен аударым жасау керек емес деп санаймыз», - деп түсіндірілген петиция мәтінінде. 

Сондай-ақ, отандастарымыз жеке кәсіпкерлерді күнтізбелік ай ішінде табыс таппаса, МӘМС жүйесіне жарна аудару міндетінен босатуды сұрап отыр. Оған негіз, жеке кәсіпкердің ай ішінде кірісі болмаса, сәйкесінше МӘМС жарнасын аударуға мүмкіндігі жоқ. 

«Азаматтарға МӘМС жүйесінде жиналған жарналардың бір бөлігін жақын туыстарына беру мүмкіндігін қарастыру. МӘМС жүйесі барлық медициналық қызметтерді қамтымайды. Жарналар бойынша жинақталған деректер азаматтарға қандай медициналық қызметтерге жұмсау керектігін өз бетінше шешуге, сонымен қатар емге мұқтаж жақын туыстарына беруге мүмкіндік береді. МӘМС жүйесіне қатысты қоғам наразылығы мен мемлекеттік аудитпен анықталған миллиардтаған заң бұзушылықтарды ескере отырып, бұл жүйе жоғарыда аталған мәселелерді қарау арқылы азаматтардың тыныс-тіршілігін жақсарту бөлігінде түбегейлі өзгерістерді қажет етеді», - делінген петицияда.