Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Аудандық аурухана міндеттелген азаматтарға тегін дәрі-дәрімектерін бермеген

Жылыой ауданы прокуратурасы дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Paryz.kz, Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

Аудандық аурухана міндеттелген азаматтарға тегін дәрі-дәрімектерін бермеген
Сурет: Almaty.tv

Атап айтқанда, аудандық ауруханамен есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған, сондай-ақ тауар жеткізушімен дәрілік заттар уақтылы жеткізілмеген.

Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.