Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шенеуніктер салдыруға қорыққан вакциналар қоқысқа тасталды

"Шенеуніктер дәрігерлерге үлгі болғысы келмейді, вакцинаның сапасы үшін жауапкершілік алғысы жоқ", - дейді дәрігер.

Шенеуніктер салдыруға қорыққан вакциналар қоқысқа тасталды
фото: lrt.lt

Украиналық дәрігерлер коронавирустық вакциналардың бір бөлігін жоюға мәжбүр. Бұл туралы Черновц облыстық ауруханасының инфекционисі Ольга Кобевко мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

"Мысалы, кеше вакцинаның 6 дозасы жойылды. Құтыны ашқаннан кейін оны 6 сағаттан артық сақтауға болмайды. Бір құтыда - 10 доза, ал кеше 54 адам егіліп, қалдықтары жойылды", - дейді дәрігер.

Ол шенеуніктерді вакцинациялағанда бұл қалдықтардың босқа лақтырылмайтынын атап өтті. Алайда биліктегілер оны өздеріне салдыруға қорыққан сыңайлы.

"Шенеуніктер дәрігерлерге үлгі болғысы келмейді, вакцинаның сапасы үшін жауапкершілік алғысы жоқ. Осы 6 дозамен шенеуніктерді вакцинациялауға болатын және олар екпеден қорқатын ештеңе жоқ екенін дәлелдеген болар еді. Бірақ олай болған жоқ және вакцина босқа лақтырылды", - дейді дәрігер.

Бұл ретте Кобевконың өзі де екпе салдырған.