Ал "сары" аймаққа Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары кірген...
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа қайта кірді, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл деректі 2021 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы куәландырады.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан ғана тұр. Ал "сары" аймаққа Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары кірген. Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.