Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда карантин талаптары 1 наурыздан бастап жеңілдейтін болды

...Жасыл және сары аймақтар үшін қосымша боулинг, компьютер клубтарының қызметі, фитнесс-орталықтар мен бассейндердің жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Хорошие новости! На состоявшемся сегодня МВК, учитывая постепенную тенденцию к снижению заболеваемости, были ПОДДЕРЖАНЫ...

Опубликовано Юлией Якупбаевой Вторник, 23 февраля 2021 г.
Қазақстанда карантин талаптары 1 наурыздан бастап жеңілдейтін болды
фото: kaztag.kz

"Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Facebook-тегі парақшасына 1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейтінін жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның отырысында коронавирустың таралу қарқынының төмендеуіне байланысты, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасының бірқатар ұсынысы қабылданды", - деді жазба авторы.

Оның айтуынша, билығы жылдың 1 наурызынан бастап жасыл аймақта жанкүйерлер қатысатын спорт жарыстарына (қатысушылар саны талқыланып жатыр), 50 адамға арналған еске алу асына (залдың 30%-ын ғана толтыра отырып), бильярд қызметіне, ғимараттардағы балаларға арналған ойын-сауық клубтарына, цирктерге рұқсат етіледі. Ал сары аймақта базарлар мен сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері жексенбі күні де жұмыс істей алады.

Жасыл және сары аймақтар үшін қосымша боулинг, компьютер клубтарының қызметі, фитнесс-орталықтар мен бассейндердің жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

"Жалпы алғанда санитарлық талаптарды сақтай отырып, бизнестің жабық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етуге болады деген түсіністік бар" деп жазды палата өкілі.