Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Коронавирустық пандемия 2022 жылдың басында аяқталады" - ДДСҰ

Клюге вирус адамдардың арасында жойылып кетпейтінін, бірақ көрсетілген күнге дейін шектеулер қажет болмайтынын баса айтты. 

"Коронавирустық пандемия 2022 жылдың басында аяқталады" - ДДСҰ
фото: ашық дереккөз

Коронавирустық пандемия келесі жылдың басында аяқталады. Мұндай болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аймақтық кеңсесінің басшысы Ханс Клюге жасады, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Нашар сценарий аяқталды. Біз вирус туралы 2020 жылға қарағанда көп білеміз", - деді ол.

Клюге вирус адамдардың арасында жойылып кетпейтінін, бірақ көрсетілген күнге дейін шектеулер қажет болмайтынын баса айтты. Сонымен қатар, ол бұл тек болжам екенін атап өтті, өйткені әзірге ешкім жағдайдың қалай дамитынын нақты айта алмайды.

Ақпан айының ортасында ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Ол пандемияның аяқталуы туралы әлемнің барлық аймақтарында эпидемиологиялық шектен төмен болған кезде айтуға болатынын, ал коронавирустың салдарынан денсаулық сақтау саласына жүктеме оның қалыпты жұмысына кедергі жасамайтынын баса айтты.

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус өз кезегінде вакцинацияны кейінге қалдырмауға шақырды. Өйткені мутация мен жаңа штамдардың пайда болуына байланысты, қолданыстағы вакциналар пайдасыз болуы мүмкін.

Тағы оқи отырыңыз: "Бүкіл әлем вакцина алмайынша, індет тоқтамайды " - ДДСҰ

Әлемде коронавирусты 111 миллионнан астам адам жұқтырды, 2,5 миллионға жуығы қайтыс болды. Ауру жұқтырғандар мен зардап шеккендердің көпшілігі АҚШ, Үндістан және Бразилияда.