Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

15 жастағы қызға қасақана АИТВ жұқтырған ақтөбелік 14 жылға сотталды

Іс материалына сүйенсек, ол қызбен 2018-2020 жылдар аралығында жыныстық қатынасқа түскен.

15 жастағы қызға қасақана АИТВ жұқтырған ақтөбелік 14 жылға сотталды
фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған қызға жыныстық қатынасқа тарту арқылы АИТВ жұқтырған ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады paryz.kz.

Бұл оқиғаға қатысты үкім Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты. Сотталушы 2018-2020 жылдар аралығында 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Сот отырысында сотталушының жасөспірімге жұқпалы инфекцияны қасақана жұқтырғаны белгілі болды.

Сот-медициналық сараптама кезінде тағылған айып дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

"Сот үкімімен Б. айыпты деп танылып, оған 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделеді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.