Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Денсаулық сақтау вице-министрлері ертең вакцинаның екінші дозасын салдырады

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық талаптарды сақтау мақсатында вакцина салатын медициналық нысанға БАҚ өкілдерінің кіруіне шектеу қояды...

Денсаулық сақтау вице-министрлері ертең вакцинаның екінші дозасын салдырады
фото: коллаж

Ертең, 22 ақпанда Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада коронавирус инфекциясына қарсы "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырады, деп хабарлады paryz.kz, Денсаулық сақтау министрлігінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық талаптарды сақтау мақсатында вакцина салатын медициналық нысанға БАҚ өкілдерінің кіруіне шектеу қояды. Сағат 9:00-де "Хабар24" телеарнасы оқиға орнынан тікелей трансляция жасайды және Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook ресми парақшасынан: көре аласыздар", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Тағы оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігерге екпе салған ине жұрт көзіне "шұқып тұрып" көрсетілді

Еске сала кетсек, Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 2021 жылғы 1 ақпанда №6 қалалық емханада алған болатын.