Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ресейлік вакцина "гибридтік қару" ма?

Қазақстанда ресми тіркелмесе де, халыққа осы ресейлік Sputnik V вакцинасын егіп жатыр... 

Ресейлік вакцина "гибридтік қару" ма?
Фото: көрнекі сурет

Ресейлік сайттарда "Литва премьер-министрінің русофобиясы литвалықтардың өздері үшін қауіпті"  деген ақпарат тарады. Себебі, Ингрида Симоните ресейлік Sputnik V вакцинасын Ресей билігі әлемге ықпал ету үшін қолданған "гибридтік қару" деп атаған, деп хабарлады paryz.kz,  abai.kz-ке сілтеме жасап. 

"Барлығы Sputnik V-ны жақсы дейді, бірақ Путин оны ресейліктерді қорғау үшін емес, әлемге өзінің ықпалын кеңейту үшін гибридті қару ретінде ұсынады", - деген еді Шимоните.

Бұл мәлімдеме Ресейде үлкен резонанс тудырды. Артынша Ресейдің Литвадағы елшілігі Twitter-де қарсы жазба қалдырған. 

"Вакцинаны жасау мен қолданудың барлық кезеңдерінде бұрмаланған ақпарат пен осыған ұқсас біржақты мәлімдемелерге қарамастан, халықаралық деңгейде танылған Sputnik V вакцинасы өзін көрсете білді. Ең бастысы, бұқаралық вакцинация қазірдің өзінде Ресейде жүріп жатыр. Ал Литвада ше?"  деп жазды елшілік.

Sputnik V вакцинасы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінде 2020 жылдың тамызында тіркелген. Оны Гамалея орталығы жасаған. Ал Қазақстанда  ресми тіркелмесе де, халыққа осы  ресейлік Sputnik V вакцинасын егіп жатыр...