Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан "қызыл" аймаққа енді

Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 003 жаңа жағдайы анықталды...

Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан "қызыл" аймаққа енді
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан "қызыл" аймаққа енді, деп хабарлады paryz.kz.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан қаласынан басқа, Ақмола облысы мен Павлодар облысы да енген. Ал Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары "сары" аймақта болса, қалған облыс пен қалалар "жасыл" аймақта. 

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 003 жаңа жағдайы анықталды.

8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 қазақстандық коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан емдеуді жалғастыруда. Олардың ішінде 16 770-і коронавируспен, 10 258-і пневмониямен ауырады.