Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Әділетсіз шешім": Талғарда мүгедектер шу шығарды (ВИДЕО)

Мүгедектіктен шыққандарға "жазылып шықты" деген қорытынды берген. Соның негізінде мүгедектік тобын алып тастау туралы шешім қабылданады...

"Әділетсіз шешім": Талғарда мүгедектер шу шығарды (ВИДЕО)
фото: tengrinews.kz

Талғар аудандық ауруханасында тағы да шу шықты, деп хабарлады paryz.kz

LIFE KZ YouTube-арнасына шыққан сюжеттен қала тұрғындарының аурухананың алдында жиналып тұрғанын көруге болады. Олардың барлығы – мүгедектік топқа кірген азаматтар. Енді бәрін осы топтан шығарып жатыр. Адамдар ондай шешім заңсыз екенін мәлімдеп, президент аппаратына шағым түсірді.

"Бізді мүгедектер тобынан шығарып тастады. Бұл – әділетсіз шешім. Адамдардың көбісі созылмалы обструкциялық бронхитпен ауырады, демікпеге шалдыққандар да аз емес. Инсульт алғандар бар. Балаларға бүйрекке ота жасаған. Онкологиялық аурулар да жоқ емес. Көзі көрмейтіндер де бар. Көбісін мүгедектік тобынан шығарып тастаған", - дейді Юлия Заткова.

Оның айтуынша, мүгедектіктен шыққандарға "жазылып шықты" деген қорытынды берген. Соның негізінде мүгедектік тобын алып тастау туралы шешім қабылданады. Ал жұмыс берушілер ондай адамдардың денсаулығына қарап, жұмысқа алмайды.

Аурухананың алдына жиналған адамдар құжатпен айналысатын бөлім басшысын жұмыстан босатуды талап етті.