Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелмепті

Ұлттық сараптама орталығында тексерілген вакцинаның әсері 50 күннен асқан соң ғана байқалады екен... 

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми тіркелмепті
Фото: көрнекі сурет

"Спутник V" вакцинасы Қазақстанда ресми түрде тіркелмеген, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мақтаулы ресейлік вакцинаны салдырғандардың иммунитеті күшейеді. Ал екпенің әсері тек 50 күннен асқан соң ғана байқалады. Бас санитар дәрігердің айтуынша, қоғамдық иммунитетті қалыптастырудың тиімді әрі жалғыз жолы – жаппай вакциналау.

"Ресейлік екпе коронавирустың жаңа "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдарына да тойтарыс бере алады. Тек екпе жасатқаннан кейін де бетпердесіз жүруге болмайды", - дейді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.

Дәрігерлермен қоса, шенеуніктер де алғашқылардың сапында екпе салдырған. Бір қызығы, мақтаулы ресейлік вакцина Қазақстанда ресми түрде тіркелмепті.

"Әрине, тіркелуі маңызды. Айта кетейік, жаппай екпе басталмас бұрын препараттың клиникалық зерттеу деректері алынып, зерделенді. Әрі Ұлттық сараптама орталығында тексеріліп, вакцинаны елге бір рет әкелуге рұқсат етілген", – деді ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов.