Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Денсаулық сақтау министрі вакцинаға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады

Енді қазақстандықтардың коронавирусқа қарсы вакцина салғызғаны туралы QR-коды болады. 

Денсаулық сақтау министрі вакцинаға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

"Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған. Ол "Ашық" медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады", - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, 1 ақпаннан Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталған болатын.