Оған коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасы 20 қаңтарға дейін салынған...
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі, Массачусетс штатының демократы Стивен Линч Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырды, деп хабарлады paryz.kz, CNN-ге сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, Линчте вирустың симптомдары жоқ, енді ол карантинге жабылып, жұмысын қашықтан істейді.
Жұмада заң шығарушы COVID-19 сынағын тапсырған. Нәтижесі оң болды. Осыдан аз уақыт бұрын оның қарамағындағылардың бірінің ауру жұқтырғаны атап өтілді. Конгрессмен өкілдерінің хабарына қарағанда, оған коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасы 20 қаңтарға дейін салынған.