Прямая трансляция

Астана

Астана

-0.03°C

Қытай коронавирус туралы тың ақпаратты бөлісті (ВИДЕО)

Қытай вирусологтары вирус Қытайда емес, басқа елде пайда болғанын меңзеген...

фото: ашық дереккөз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бір топ ғалымы коронавирустың шығу себебін анықтау үшін Уханьға аттанған. Зерттеу жүргізу барысында Уханьдағы вирусология ғылыми базасы жойылғаны анықталды, деп хабарлады paryz.kz, qamshy.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ол зерттеу жұмысына көп көмегін тигізетін еді", - дейді ғалымдар.

Қытай мамандары көктемде пандемия жариялағанда, ғылыми базада қандай жұмыстар атқарғанын ғылыми база арқылы білуге болатын еді деседі.

NBC News бұл туралы ақпарат жинап, видео жариялады. Онда аталмыш базада 20 мың жазба бар болғаны туралы айтылады. Ухань зертханасының жоғары лауазымдағы қызметкері жазбалар қауіпсіздік үшін қажет болғанын алға тартты.

ДДСҰ ғалымдары Қытай билігі коронавирус инфекциясы туралы шындықты айтқысы келген журналистерді, ақпарат жеткізуші басқа да адамдарды соттағанына қарамастан, әлі дөп басып ештеңе айтуға болмайтынын жеткізді.

ДДСҰ сарапшылар тобының бір мүшесі Питер Дасцак қытайлар бұған дейін жарияланбаған ақпаратты бергенін айтады. Қытай вирусологтары вирус Қытайда емес, басқа елде пайда болғанын меңзеген. Оның ішінде Қытайдың аурудың алдын алу мен бақылау орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар.

Алайда ДДСҰ-ның денсаулық сақтау саласы бойынша атқарушы директоры Майкл Райан вирустың нақты қайда пайда болғанын айтуға әлі ерте деп отыр.