Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады

Ол Үкіметке әкімдермен бірлесіп, толыққанды дайындық жүргізуді және 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялауды бастауды тапсырды.

Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
фото: ашық дереккөз

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлады paryz.kz

"Отандық вакцинаның сынағы оң қорытынды береді деп үміттенеміз. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Президент дағдарысты еңсерудің ең пәрменді әрі жүйелі шарасы жаппай вакцинациялау екенін атап өтті. 

"Кейбір арандатушылар айтып жүргендей, күштеп вакцина егу деген болмайды. Бірақ адамдар вакцинацияның қиын жағдайдан шығудың жолы екенін түсінуі керек", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев екпе егу науқанын сапалы жүргізу қажет екенін айтты. Ол Үкіметке әкімдермен бірлесіп, толыққанды дайындық жүргізуді және 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялауды бастауды тапсырды.