Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Артық салмақтан арылудың дұрыс жолдары...

ХХІ ғасыр эстетикалық медицинаның ғасыры. Бұрынғыдай қол еңбегі жоқ болғандықтан, гиподинамияның барын мойындау керек. Соның әсеріненартық салмақ проблемасы туындады. Осы артық салмақтан арылу үшін, замандастарымыз түрлі спорт залдарына барып, өздеріне физикалық салмақ түсіреді.

Артық салмақтан арылудың дұрыс жолдары...
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Шамадан тыс салмақ қосқан ағзаны алдымен медициналық тексерістен өткізгеннен соң ғана диагноз қойылып, семіздіктің неден пайда болғанын анықтау керек. Содан  кейін барып, не тағамдық, не физикалық тұрғыдан коррекция жасалуы керек.

Май ыдыраған кезде тұздармен немесе, жылу энергиясын бөлу арқылы ыдырайды. Яғни, физикалық тұрғыда салмақ түсіру арқылы, адам терлейді. Жылу энергиясы бөлінгенде тер арқылы тұздар шығып, артық салмақтан арылады.

Екінші жағдайда май қыртыстары іштің құрсақ бөлігінде болса, онда оған хирургиялық жолмен липоксация арқылы шарбы майы аппаратпен сорылып алынады. Бұл – медициналық тәсіл. Мұның да ағзаға тигізер кері әсері бар.

Арықтаудың үшінші жолы – түрлі коктейльдер арқылы. Адам тамақтанғанда миға қорек түсті деген импульс барады. АЛ, коктейль ішкен соң, ішек жұмысы өзге бағытта ауысып, ішкен-жеген тамақ іш өту арқылы, бойға сіңбейді.

Артық салмақтан арылғысы келген адам алдымен медициналық тексерістен өтіп, содан соң осы үш жолды саралап, қайсысы өзіне тиімді екенін дұрыс таңдай білуі керек. Ек, «артық қыламын деп тыртық етіп алмау» керек. Әйтпесе, соңы ағзадағы жүйелердің ауытқуына әкеліп соғып, аутоиммундық сырқаттарға әкеліп соқса, арты өкінішке душар етуі мүмкін.