Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Астанада сапасыз медициналық қызмет көрсеткендерден 1,7 млрд теңге өтемақы өндірілді

Жыл басынан бері халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 366 029 кемшілік анықталып, 1 млрд 737 млн теңге өндірілді.   

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада сапасыз медициналық қызмет көрсеткендерден 1,7 млрд теңге өтемақы өндірілді
фото: novyefoto.ru

Халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Астана қаласы бойынша биылғы 10 айда көрсетілген медициналық қызмет сапасы мен көлеміне жүргізілген түрлі мониторингілер аясында 366 029 кемшілік анықталып, 1 млрд 737 млн 298 мың теңге өндірілді. Ал, мониторинг нәтижесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 359 820 кемшілік анықталып, 1 млрд 105 млн 426 мың теңге қаражат өндірілді  - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.