Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ең пайдалы 5 май. Немесе күнделікті асты қандай майға пісірген жөн?

Күнделікті жейтін тағамды қандай майға пісірген дұрыс? Үнемі күнбағыс, яғни шемішке майын тұтынудың соңы неге әкеледі? Бұл туралы невролог, нутрициолог Ұлжалғас Сманова былай дейді деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.

Ең пайдалы 5 май. Немесе күнделікті асты қандай майға пісірген жөн?
© iStock

Ендеше, невролог, нутрициолог Ұлжалғас Сманованың сөзіне зер салайық?

Ұлжалғас Сманова

Ұлжалғас Сманова

Ұлжалғас Сманованың айтуынша, май — ағзаның энергия көзі. Ми, жүрек-қан тамырлары, иммундық жүйе маймен қоректенеді. Май саулықтың, жастықтың кепілі.

Адам майды күнде тұтынады. Жұмыртқа қуырсақ та, тоқаш, құймақ пісіріп, палау дайындасақ та май қосамсыз. Онда неге тырнақ, шаш жылтырап, көз жарқырап, қыпша бел болып жүрмейміз? Себебі барлығы майдың сапасына қатысты,

— дейді Ұлжалғас Сманова.

© Shutterstock

© Shutterstock

Күнделікті қолданыстағы майдың сапасы денсаулыққа, сұлулыққа тікелей әсер етеді. Сондықтан майды дұрыс таңдау керек. Сапалы май — бүкіл отбасы денсаулығын нығайтудың кепілі.

Ал сапалы май қандай болады?

Майдың сапасы оның өскен жері мен дайындау технологиясына қатысты. Суық сығу (холодный отжим) әдісімен алынған, рафинадталмаған, яғни құрамында пайдалы элементтер сақталған, органикалық ортада өскен (дәрісіз, таза экологиялық ортада), шыны ыдыста сақталған, қолдану мерзімі өтпеген, қышқылдық деңгейі төмен майлар сапалы болады.

Күнбағыс майының зияны қандай?

© Shutterstock

© Shutterstock

Көп отбасылар күнделікті тамақты тек қана күнбағыс, яғни шемішке майына пісіреді. Ал Ұлжалғас Сманова күнбағыс майын жоғары температурада мүлде қыздыруға болмайтынын айтады.

—Күнбағыс майы жоғары температураға төзімсіз. Қыздырған кезде консерагенді, уытты заттар бөледі. Бұл қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Мәселен, кейбір отбасылар бауырсақ пісіргеннен қалған майды, екінші рет тұндырып, сүзіп тағы тамаққа пайдаланады. Бірнеше рет қызыдырылған май ағзаға өте зиян, — дейді дәрігер.

Ең қауіптісі күнбағыс майын пайдаланғанда өт жолына тас түзіліп, өт қоюланады. Сондықтан өсімдік майын барынша аз тұтынған жөн.

Менің алдыма өтінде тасы бар, өті қоюланған 5 жастағы балалар да келіп жатыр. Себебі көп отбасы асты күнбағыс майына пісіреді. Осы майға піскен тағамды туғанан бастап жеген баланың өт жолы бұзылады,

— дейді маман.

Күнбағыс майынан бас тартып, оның орнына басқа майларды тұтыну керек.

Күнделікті тағамды жануарлар майына пісірген жөн. Мәселен, жылқының, тауықтың, қаздың майын тұтынған дұрыс. Бұлар арзан тұрады, әрі асқазан ішек жолына, өтке, бауырға өте пайдалы.

— дейді дәрігер.

Ұлжалғас Сманова тағамға қосуға өте пайдалы 5 майды атады. Олар — зәйтүн, аргана, балқарағай, авокадо, асқабақ майы. Мәселен, зәйтүн майы өте пайдалы. Оның кейбір түрін қыздыруға болады. Бұл май теріге жақсы әсер етеді. Ұйқы безі, асқазан жарасы, онекі елі ішек ауруларына ем. Өтті сұйылтады. К, Е дәрумендеріне бай. Үлкен дәреттің жүруіне жақсы әсер етеді. Ал аргана майының құрамында дәрумендер мен минералдар көп. Тек Мараккода ғана өндіріледі. Сондықтан бағасы сәл қымбат.

Балқарағай мен авокадо майы да өте пайдалы. Мәселен, балқарағай майының құрамында сирек кездесетін пальмитин, линолен, олейн, эйкозан, стеарин қышқылдары бар. Бұ май — буын ауруына ем. Қанның құрамын жасартады. Ал авокадо майы калий, иод, барий, натрий, цинк секілді минералдар мен дәрумендерге толы. Бактерацидті әсері күшті. Күйікті, жараны тез жазады. Салатқа, тамаққа қосуға болады.

Пайдалы майдың біріне асқабақ майын жатқызуға болады. Бұл май азғаны токсиндер мен шлактардан тазартады. Өт пен бауыр қызметін, бүйрек үсті безінің жұмысын жақсартады.

Ұлжалғас Сманова сапасыз май тұтыну және майды мүлде жемеу өттің қатуына, толуына әкелетінін айтады. Сондықтан күнделікті тағамды сапалы майға пісірген жөн.