Диетолог өмір жасын ұзартатын өнімді атады

Диетолог тофудың өмір жасын ұзартып, егде жаста туындауы мүмкін сырқаттардың алдын алуға көмектесетінін айтты, деп жазады Рaryz.kz  stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Диетолог өмір жасын ұзартатын өнімді атады
ашық дерек көздерінен

"Біріншіден, ол жақсы және сапалы ақуыз болғандықтан, пайдалы. Екіншіден, бұл ақуыз өзінің аминқышқылдық құрамына байланысты жануарлар протеинінен ерекшеленеді. Ал біз өміріміздің екінші жартысында мәзірімізде жануарлар етін азайтып, өсімдіктерді көбейткенді қалаймыз", – деді сарапшы. 

Дерттердің алдын алумен қатар тофу холестерин алмасуын қалыпқа келтіреді. Атеросклероздың пайда болуына тежеп, өмір жасын ұзартады. 

Тофудың пайдасы изофлавонда екен. Олар ағзадағы қабынуды азайтып, жас өскен сайын туындайтын аурулардың дамуына жол бермейді. Сонымен қатар изофлавондардан эстрогенге ұқсас қасиеті анықталған. Бұл – ерлерге қарағанда әйелдерде көбірек болатын гармон, дегенмен ол барлығына қажет. Тамақта мұндай гармондардың көп болуы ағзаға пайдалы.