Алматы "сары аймаққа" кірді

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Рaryz.kz .

Алматы "сары аймаққа" кірді
ашық дерек көздерінен

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 330-ға жеткен екен. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 35, Алматы қаласында - 88, Шымкент қаласында – 6, Ақмола облысында – 4, Алматы облысында - 5, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1. Осылайша Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша "сары" аймаққа өтті. 

Енді, сақтансақ, сақталамыз.